Жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда жүк көлігі бір топ адамды қағып кетті

Салдарынан үш адам қаза болып, 17-сі зардап шеккен
Оңтүстік Кореяда жүк көлігі бір топ адамды қағып кетті
Фото: www.mk.ru 08.03.2023 22:18 988

Оңтүстік Кореяда жүк көлігі бір топ адамды қағып кетіп, салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

Көлік Корея Республикасының оңтүстік-батысында ауыл шаруашылық кооперативінің басшысына дауыс беруге кезектерін күтіп тұрған адамдарды қаққан.

Тыңайтқыш әкеле жатқан үлкен жүк көлігі Сеулден 240 шақырым жердегі Сунчхан ауыл шаруашылық кооперативінің ғимаратындағы көлік тұрағының маңында жиырма шақты адамға соғылған.

Үш адам қаза тауып, бес адам ауыр жарақат алды. Жиналғандардың басым көпшілігі қарт адамдар болғандықтан құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін.

20 адам жеңіл жарақат алған. Олар да жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Жүк көлігінің 70 жастағы жүргізушісі оқиға орнында ұсталды.

Полиция апаттың нақты себебін тексеріп жатыр.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға