Жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда өтетін олимпиадаға 29 спортшы жолдама алды

Оңтүстік Кореяда өтетін олимпиадаға 29 спортшы жолдама алды
Фото: © ОКҚ 12.01.2024 16:55 1035

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы қысқы олимпиадаға спортшылар 29 жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл қазақстандық жас спортшылар Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтетін IV Жасөспірімдер арасындағы қысқы олимпиада ойындарына қатысады.


Ойындар 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтеді. Жалпы ойындарға әлемнің 70 елінен 1800 спортшы қатысып, 81 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Спортшыларымыз барлық дайындық кезеңдерінен өтіп, 5 спорт түрінен 29 жолдама жеңіп алды. Бір жолдама бойынша растауды күтіп отырмыз, - деді Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова.

Оқи отырыңыз: 

Айгүл Бектенова 2024 жыл жауапты жарыстарға толы болатынын және еліміздің спортшылары әртүрлі деңгейдегі 765 халықаралық, 631 республикалық жарыстарға қатысатынын атап өтті. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға