Жаңалықтар

Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кескен қазақстандықтардың соты мамырда өтеді

Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кескен қазақстандықтардың соты мамырда өтеді
Фото: Әлеуметтік желіден 24.04.2023 19:09 979

Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесіп өткен екі қазақстандыққа қатысты қылмыстық іс сотқа берілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл іс бойынша алғашқы тыңдау мамыр айының ортасында өтеді.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтарға адвокат берілгенін айтады.

Прокуратура істі сотқа берді. Бірінші тыңдау мамыр айының ортасында өтеді. Соттың шешімін күтеміз. Олардың адвокаты бар, мемлекет тарапынан берілген. Жұмыс жүріп жатыр, туыстарымен байланыстамыз, - деді Айбек Смадияров.

Ол Қазақстанның Кореядағы консулы уақытша ұстау изоляторында отырған отандастарымызбен кездескенін айтты. Ұсталғандардың шағымы жоқ.

Айта кетейік, 24 наурызда Инчхон әуежайында паспорттық бақылау өту барысында Ташкенттен келген екі Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяға заңсыз кірмек болған. Олар депортациялауды күту үшін арнайы бөлмеге орналастырылған. Алайда сол түні қазақстандықтар қашып кеткен еді. 

26 наурызда бір Қазақстан азаматы ұсталды, ал 29 наурызда екінші қазақстандық өз кінәсін мойындап, полицияға өз еркімен берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға