Жаңалықтар

Оңтүстік Корея мен Уругвай футболшылары антирекорд орнатты

Сондай-ақ Н тобында Уругвай және Оңтүстік Кореямен қатар, Португалия мен Гана құрамалары бақ сынасуда
Оңтүстік Корея мен Уругвай футболшылары антирекорд орнатты
Фото: Sports.kz 24.11.2022 22:10 1834

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Оңтүстік Корея мен Уругвай құрамасының ойыны тең есеппен аяқталды, деп хабарлайды El.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Н тобындағы матч 0:0 есебімен жабылды.

Еске сала кетсек, Н тобында Уругвай және Оңтүстік Кореямен бірге, Португалия мен Гананың құрамасы бақ сынасуда. Оңтүстік Корея құрамасына келер болсақ, Уругваймен орын алатын матч алдында жанкүйерлері олардың құрамындағы қызық жайттың куәсі болған. Алаңға шыққан он бір футболшының бесеуінің тектері бірдей: Ким тегімен қақпашы және төрт қорғаушы бар екені анықталды.

Спорт сарапшылары командалар арасындағы бұл ойынды ХХІ ғасырдың антирекорды деп бағалап отыр. Себебі бұл күнге дейін әлем чемпионатында бірде-бір матч голсыз аяқталмаған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға