Жаңалықтар

«Оңтүстік» индустриялдық аймақтағы өрт толықтай сөндірілді

Өртті сөндіруге 52 адам мен 14 бірлік техника жұмылдырылды
«Оңтүстік» индустриялдық аймақтағы өрт толықтай сөндірілді
Фото: gov.kz 15.01.2023 14:50 1002

2023 жылғы 15 қаңтарда сағат 10-47-де «101» басқару пультіне Еңбекші ауданындағы Қапал батыр көшесінде орын алған өрт туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жетіп,  өрт «Оңтүстік» индустриялық аймағында  макулатура қайта өндеу бойынша «Бумпром» ЖШС аумағында орын алғандығын анықтады. Алдын ала мәліметтер бойынша жалпы ауданы 60х20 шаршы метрді құрайтын жеке цех жанған. Ғимарат бір қабатты, автономды жылыту, ішінде 3 тонна макулатурасы бар, картон қалдықтары жанып жатыр. Өрттің ауданы 200 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Өрт сағат 12.37-де оқшауланды, сағат 13.18-де сөндірілді.

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖ департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 52 адам мен 14 бірлік техника жұмылдырылды.

ы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға