Жаңалықтар

«Онсыз болмайды». Балжан Бидаш күтпеген мәлімдеме жасады

«Онсыз болмайды». Балжан Бидаш күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: instagram.com/bidash_official 05.02.2024 11:14 2626

Қазақстандық әнші Балжан Бидаштың музыкалық жобадағы  сахналық образы жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Әнші футболшы Ұлан Қонысбаевпен бірге өнер көрсетіп жатыр.

25 жыл жасыл алаңда футбол ойнаған жігіт бірден үлкен сахнаға келіп, халықтың, камераның алдында жанды дауыста ән айтып, харизмасын көрсетіп, билеп, әнді абыроймен алып шықты. Сол үшін Ұланға рақмет! Жалпы «Егіз-лебіз» жобасындағы дуэтымыз, орындауымыз, образымыз, әніміз күтпеген жерден көрермен көзайымына айналды. Алдағы кезеңдерде дәл осылай шулап қолдасаңыздар шоу күте беріңіздер, - деп жазды өнер иесі.

Екеуінің орындауындағы ән жұрттың көңілінен шықты. Желі қолданушылары тіпті екеуін жарасымды жұп деп жатса керек.

Екеумізді қыз бен жігіт етіп, қосып қойыпты. Онсыз болмайды ғой енді. Сол үшін бізді жоба соңына дейін қолдаңыздар, – дейді әнші.

Еске салайық, Балжан Бидаш өткен жылы актер Жахан Отарғалиевпен ажырасып кеткен еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға