Өнерде шектеу жоқ: Астанада инклюзивті фестиваль өтті

Өнерде шектеу жоқ: Астанада инклюзивті фестиваль өтті
Фото: El.kz

Қоғамдағы әрбір баланың өнер көрсетуге, өз қабілетін танытуға және көпшіліктің қолдауын сезінуге құқығы бар. Осы мақсатта бүгін Астанада «Балалар-Fest 2026» республикалық инклюзивті фестивалі өтті. Бір сахнаға жиналған балалар ән айтып, би билеп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Фестивальдің басты мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетіп, олардың қоғам өміріне тең дәрежеде қатысуына мүмкіндік жасау.

Фото: El.kz
Фото: El.kz

Қазақстан әйелдер күштері альянсының Астана қаласындағы өкілдігі ұйымдастыратын фестиваль биыл екінші рет өткізілген. Ұйымдастырушылар оны жыл сайынғы дәстүрлі іс-шараға айналдырып, балалардың өнері мен қабілетін танытуға арналған тұрақты алаң қалыптастыруды көздейді.

Фото: El.kz
Фото: El.kz

235 мың балаға ерекше білім керек

Ұйымдастырушылар мәліметінше, Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 235 мыңнан астам бала бар. Мұндай балалардың қоғам өміріне араласуы, өз қатарластарымен қарым-қатынас орнатуы және қабілеттерін көрсетуі маңызды.

Фото: El.kz
Фото: El.kz

Инклюзивті іс-шаралар осы мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған. Мұнда балалар көрермен болып қана қоймай, концертке қатысып, сахнада өнер көрсетіп, шығармашылық әлеуетін таныта алады.

Фото: El.kz
Фото: El.kz

Астана қаласындағы Қазақстан әйелдер күштері альянсының төрайымы Алмагүл Сегізбайдың айтуынша, «Балалар-Fest» фестивалі жыл сайын қатысушылар санын арттырып, балалардың қабілетін танытуға мүмкіндік беретін дәстүрлі іс-шараға айналып келеді.

Фото: El.kz
Фото: El.kz

«Балалар-Fest» фестивалі – Қазақстан әйелдер күштері альянсы жыл сайын ұйымдастыратын игі дәстүр. Жыл өткен сайын қатысушылар санының артуы бізді ерекше қуантады. Бұл – балалардың өз таланттарын ашып, қабілеттерін көрсетуге, қоғамның ықыласы мен қолдауын сезінуге мүмкіндік алып жатқанының белгісі. Фестиваліміздің басты миссиясы – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға қолдау көрсету, оларға сенім мен қуаныш сыйлап, жалғыз емес екенін сезіндіру. Әрбір ана өз баласының маңызды, сүйікті әрі талантты екенін сезінсе дейміз, – дейді Алмагүл Сегізбай.

Фото: El.kz
Фото: El.kz

Сондай-ақ ол фестивальді ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Астана қаласының Білім басқармасына, Қасымхан Сенғазиевке және Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайына алғыс білдірді. Оның сөзінше, серіктестердің қолдауы балаларға қуаныш, ал отбасыларға үміт пен болашаққа деген сенім сыйлайтын мерекені өткізуге мүмкіндік беріп отыр.

Фото: El.kz
Фото: El.kz

Біз үшін «Балалар-Fest» – жай ғана фестиваль емес, ол – махаббаттың, толеранттылықтың, мейірімділіктің және бір-бірімізге деген адалдықтың символы. Әрбір балаға орын бар. Бір-бірімізді қабылдап, қолдап, жетістіктерімізге шын жүректен қуана білетін қоғам ғана мықты болады деп сенеміз, – дейді Алмагүл Сегізбай.

Фото: El.kz
Фото: El.kz

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараға 200-ден астам қонақ қатысқан. Олардың қатарында шамамен 50 бала-қатысушы, мектеп оқушылары, үкіметтік емес ұйымдардың, әлеуметтік жобалар мен бизнес өкілдері, шығармашылық ұжымдар және еріктілер бар.

Фото: El.kz
Фото: El.kz

Бір сахнада – сан алуан талант

Фестиваль бағдарламасының негізгі бөлігі концертке арналған. Сахнада мектептер мен оңалту орталықтарының шығармашылық ұжымдары, үкіметтік емес ұйымдар мен әлеуметтік жобаларға қатысатын балалар өнер көрсетті.

Фото: El.kz
Фото: El.kz

Сонымен қатар көрермен әншілердің өнерін тамашалап, би және театр қойылымдарын көріп, арнайы сән көрсетілімдеріне куә болады. Балалар өздерінің авторлық шығармашылық жұмыстарын да ұсынады.

Фото: El.kz
Фото: El.kz

Фестивальге қатысқан балалардың бірі – «Алтын бесік» балабақшасының тәрбиеленушісі Алиса. Ол көрерменге «Тәуелсіз ел ұланы» атты қазақша әнін ұсынуға дайындалған. Бұл – оның фестивальге алғаш рет қатысуы.

Музыка жетекшісі Жанат Өтемісованың айтуынша, Алиса төрт жылдан бері вокалмен айналысады. Балабақшада балаларға аптасына екі рет вокал сабағы өткізіледі. Ал фестивальге арнап Алисаға арнайы көйлекті анасы тіктірген.

Фото: El.kz
Фото: El.kz

«Алтын бесік» балабақшасы атынан бүгінгі фестивальге қатысуға келдік. Алиса «Тәуелсіз ел ұланы» атты вокалдық нөмір дайындады. Қазақша ән айтамыз. Алиса төрт жылдан бері вокалмен айналысып жүр. Бұл байқауға бірінші рет қатысып отырмыз. Көйлегін анасы арнайы тіктірді. Жалпы, балалардың музыкаға деген қабілеті өте жоғары, – дейді музыка жетекшісі Жанат Өтемісова.

Балалардың шығармашылық қабілетін ерте жастан дамыту олардың өзіне деген сенімін арттырып, сахна мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Ал осындай фестивальдер жас өнерпаздарға өз өнерін көпшілікке көрсетуге, жаңа ортаға бейімделуге және өзге балалармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Фото: El.kz
Фото: El.kz

Фестивальдің басты ерекшелігі – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен басқа балалардың бір сахнада тең дәрежеде өнер көрсетуі. Бұл олардың өзара араласуына, бір-бірін түсінуіне және әр баланың қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, қонақтарға түрлі ойындар, аниматорлардың бағдарламалары, сыйлықтар және бүкіл отбасыға арналған ойын-сауық шаралары ұсынылды.

Фото: El.kz
Фото: El.kz

Инклюзияны дамыту

Ұйымдастырушылар фестивальді өткізу арқылы балаларға арналған инклюзивті ортаны дамытуға және қоғамның назарын тең мүмкіндік мәселесіне аударуға ниетті.

Осыған байланысты әлеуметтік жауапкершілігі жоғары бизнес өкілдері, кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдар мен серіктес ұйымдар фестивальді қолдауға және оның алдағы уақытта дамуына үлес қосуға шақырды.

Фото: El.kz
Фото: El.kz

Инклюзивті фестивальдер балалардың талантын танытумен қатар, қоғамдағы өзара құрмет пен түсіністікті нығайтуға ықпал етеді. Әр баланың қабілетін ашуға мүмкіндік беру – олардың қоғамдық және мәдени өмірге тең дәрежеде қатысуына жасалған маңызды қадам.

Оқи отырыңыз