«Омонияны» 10 ойыншымен жеңе алмаған «Қайраттың» енді мүмкіндігі бар ма?

«Омонияны» 10 ойыншымен жеңе алмаған «Қайраттың» енді мүмкіндігі бар ма?
Фото: Getty Images

Алматының «Қайраты» Кирп жерінде жеңіліс тапты. «Омония» клубы он ойыншысымен қайрат көрсетіп, жеңісті жұлып алды. 

Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің екінші турында «Омония» клубы өз алаңында «Қайратты» қабылдады. Ойынның бірінші жартысында алаң иелері белсенді болып, есеп ашып үлгерді. 13 минутта Андреу гол соқты. Осыдан кейін «Қайрат» шабуылдауға көшіп, бірінші тайм біткенше есепті теңестіргісі келді. Сондай бір қияң-кескі шабуыл кезінде «Омония» ойыншысы Него Луиш Матаға қарсы тәртіп бұзды. Португалиялық төреші Густаву Коррея VAR жүйесін қарап, Негоға қызыл қағаз көрсетті. Осылайша, бірінші тайм аяқталды. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Бірінші лига (@birinshiliga)

Екінші таймда «Қайрат» қолынан келгенше шабуылдауға тырысты. Азамат Тұяқбаевтың тепкен добы қақпадан қиыс кетті. Қарсыластар да он ойыншымен қарсы шабуылға шыға білді. Сонымен, матч алаң иелерінің пайдасына шешілді. 

Ойыннан кейін «Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин  «Омонияға» қарсы өткен ойын жайлы пікір білдірді. 

Үйдегі ойында жанкүйерлерімізге бұдан да сапалы ойын көрсетуге тырысамыз. Жанкүйерлерімізге сенеміз, қолдауларыңыз жалғасады деп ойлаймыз!, – деді бапкер. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от «Қайрат» ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat)

«Омонияны» бірнеше гол айырмасымен ұтады»

Алматылықтардың ойыны туралы футбол сарапшысы Ербол Қайыровтан сұрап көрдік. Оның айтуынша, «Қайраттың» әлі де мүмкіндігі бар.  

«Қайраттың» ойыны жаман болмады. Қарсылас қызыл қағаз алғасын алматылықтар қыса бастады. Иә, бір гол салғанда, жақсы болар еді, өйткені «Қайрат» біраз мүмкіндіктер жасаған еді. Енді, Алматыда, Орталық стадионның қолдауының арқасында «Омонияны» бірнеше гол айырмасымен ұтып, келесі кезеңге өтеді деп сенеміз. Өз алаңында «Қайраттың» біраз мүмкіндігі бар, оны клуб былтыр да дәлелдеген, – деді «Оқжетпес» ФК директоры Ербол Қайыров. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от «Қайрат» ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat)

Сарапшы айтқандай, «Қайрат» өткен маусымда жанкешті ойын өрнегін көрсетті. Чемпион­дар лигасы аясында «Орталық стадионда» өткен төрт ойында жеңілмеді.  «Олимпия­дан», «КуПс», «Слован» мен «Сельтиктен» басым түсті. Әсіресе, ірітеу кезеңінің екінші кездесуінде «КуПс» алаңында 2:0 есебімен ұтылып, Алматыда есе қайтарды. 

«Омонияның» құрамы «Қайраттан» мықты»

Ал спорт журналисі Шамкен Байырбектің айтуынша, кипрлік клубтың «Қайратқа» қарағанда әлдеқайда мықты екенін мойындау керек. 

Жалпы, Кирпдың қай клубын алып қарасаңыз да, құрамы жағынан жақсы жасақталады. «Омонияның» біраз жылдық тарихы бар. 20 рет Кипр чемпионы атанған. Одан кейін былтыр ішкі біріншілікте екінші орындағы командамен айырмасы –28 ұпай. Мұның бәрі клубтың деңгейін көрсетіп тұр. Құрамы жағынан алсақ та,  «Қайраттан» бір бас жоғары. Алған легионерлердің көбі тәжірибелі. Бұл кезеңде «Қайраттың» «Омонияны» жеңіуі қиындау болады. Абырой болғанда қарымта матч Қазақстанда өтеді. Нәтижеге ойнап, есепті теңестіріп алып, қарымта шабуыл жасаса болады, – дейді Шамкен Байырбек.

Оның айтуынша, ойыншыларға Кипрде ойнау оңай емес. Өйткені ауа райы қолайсыз, ыстықта доп тебу ешкімге ұнай қоймайды. 

 Былтыр «Қайраттың» жүріп өткен жолын еске түсірсек, оларға бірінші және екінші айналымда мықты қарсылас түспеді. «КуПстың» деңгейі «Омониямен» салыстырғанда әлдеқайда төмен деп айта алмаймыз. Қарымта матч өте қызық болады. Қос клуб та ақылды ойын көрсетуге тырысады. «Қайрат» та, «Омония» да мүмкіндігін қалай пайдаланады, солай жеңісті сарапқа салады, – дейді спорт журналисі.

Айта кетерлігі, «Омония» клубына қарсы кездесу 29 шілде күні «Орталық стадионда» өтеді. 

Оқи отырыңыз