Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісіндегі менің қызметім өз мәресіне жетті. Сіздермен бірге шын мәнінде елдің игілігі үшін қаншама үлкен сұрақтарды көтеріп, күресіп, соңына жетіп, көпшілік мәселелерді талқылағаным, сіздердің араларыңызда болғаным – мен үшін үлкен мәртебе. Бәлкім, бұл ел тарихындағы ең белсенді депутаттар шақырылымы болды. Сіздердің араларыңызда болғаным үшін өте қуаныштымын. Ерлан Жаханұлы алғашқы күннен бастап «Руслан сайлау бітті, партияға бөлінбей, адамдарға бөлінбей, бірігіп, елдің игілігі үшін жұмыс жасауларың қажет» деп айтқан еді. Осы сөздер өзіме ұстаным болды. Екі жылда солай жұмыс істеуге, қолымнан келгенше айтқандарымды орындауға тырыстым. Енді біз өңірге бара жатырмыз. Әйтеке би айтқандай, «Өмірім – халқымдікі, ал өлімім ғана өзімдікі». Біз де өмірімізді өңірге арнаймыз. Сіздерді әрқашан өңірде күтеміз. Барлығыңызға рақмет, – деді ол.
Өмірімді өңірге арнаймын – Руслан Берденов Мәжіліспен қоштасты
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған Руслан Берденов Мәжіліс депутаты қызметінен кетті. Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс депутаты Руслан Берденовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқи отырыңыз
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер