Жаңалықтар

«Өмірімде басты екі әйел бар»: Мұхтар Жәкішев жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді

«Өмірімде басты екі әйел бар»: Мұхтар Жәкішев жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді
Фото: Видеодан алынған кадр 02.06.2023 11:13 3228

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының экс-басшысы, кәсіпкер Мұхтар Жәкішев Арманжан Байтосовтың Youtube-арнасындағы сұхбатында жеке өмірі туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Байтасов Жәкішевті қызының дүниеге келгенімен құттықтап, кәсіпкерден өміріндегі жаңа кезең қалай өтіп жатқанын сұрады.

Қызымның жағдайы жақсы. Жақында ғана дәрігер келіп тексеріп кетті. Құттықтауыңызға рахмет! – деп бастады әңгімесін кәсіпкер.

Нәрестеге Айриса деп ат қойғанын, балаларының барлығының аты ай деген сөзден басталатынын тілге тиек етті.

Дәстүрді бұзбай кенже қызымыздың атын Айриса деп қойдық. Ай деген – Ай, риса деген – әмірші. Сонымен қатар анамның атына ұқсас. Себебі анамның аты – Райса. Философиялық тұрғыдан алғанда, анам өмірден өткен, оның орнына жаңа адам дүниеге келді. Анамның орнын басады деп тұрған жоқпын, бірақ бұл анамызға деген құрметтің белгісі, - деді ол.

Осыдан біраз уақыт бұрын қазақстандық кәсіпкер және саясаткер Болат Әбілов өзінің facebook парақшасында досы Мұхтар Жәкішевті сәбилі болуымен құттықтап жазған болатын. Суретте Жәкішевтен бөлек оның екінші әйелі де отырған. Осыдан соң оқырмандар түрлі пікірлер жаза бастады. Құттықтауға қосылғандар да, алғашқы әйеліне опасыздық жасады деп айыптағандар да болды. Кәсіпкер осы орайда неліктен жеке өмірі жайлы көп айтпайтынын, бірінші әйелімен және балаларымен қарым-қатынасы қандай екенін айтып өтті.

Балаларым менің көлеңкемде болғысы келмейді, олар менің атақ-дәрежемді пайдаланбай, өз жолдарын тапқысы келеді және олардың бұл шешімін қолдаймын.Ал бірінші әйелім Жәмилаға келетін болсақ, екеуіміз 2013 жылы ажырасқанбыз. Ол кезде ыңғайсыздықтарға байланысты қабылданған шешім еді. Өйткені мен абақтыда отырдым, балаларды шетелге алып шығу кәдімгідей қиындық туғызды, үнемі нотариус арқылы рұқсат алу керек болды. Арада біраз уақыт өткен соң түрмеден шыққанда да бөлек өмір сүреміз деген шешім қабылдадық - деді Мұхтар Жәкішев.

Ол бұл өмір ғой. Жәмила да менсіз өмір сүріп үйренді. Балалар да менсіз өсті, мен мұны жақсы түсенімін. Мен қамалғанда кішкентайым 9 жасар болса, ал шыққанда 20-да болды. Соған қарамастан қарым-қатынасымыз өте жақсы. Оған деген құрметім, алғысым шексіз. Өйткені жалғыз өзі балаларға жақсы тәрбие беріп өсірді деп айтты.

Ал Динара менің өмірімде 2015 жылы пайда болды, 2016 жылы қызым дүниеге келді. Қызымды алғаш рет 30 күнінде көрдім. Динара әр үш ай сайын кездесуге келіп тұрды. Қаншама шақырым жол жүріп, баланы, сөмкелерін арқалап келетін. Динараның арқасында да төзімді боламын деп шешкен шығармын. Бұрынғы қалпымды сақтап қалуыма көмектескен сол. Сондықтан қазіргі әйелім Динараға үлкен алғыс айтамын. Себебі төрт жыл бойы сол қиындыққа төтеп берді. Оның үстіне ол кезде болашақ туралы бірдеңе айту мүмкін емес еді. Оны болжау мүмкін болған жоқ. Қанша отыратыным, қашан және қай күйде шығатыным белгісіз еді. Ұлы махаббаттың арқасында Динарамен осы күнге жеттік, - дейді бизнесмен.

Ол өмірімде екі басты әйел бар: бірінші әйелім – Жәмила және қазіргі әйелім Динара деп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға