Жаңалықтар

Өмір бойына сотталған Челахтың ісі қайта қарала ма? Бас әскери прокурор жауап берді

Өмір бойына сотталған Челахтың ісі қайта қарала ма? Бас әскери прокурор жауап берді
Фото: ашық дереккөз 14.09.2023 12:47 1659

Бас әскери прокурор Дастан Секенов Владислав Челах жыл сайын сотқа шағым түсіретінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Журналистер Сенат отырысынан кейінгі кулуарда бас әскери прокурордан «Челахтың ісі дұрыс қарастырылды деп ойлайсыз ба? Ол сотқа қайта шағым түсірді ме?» деп сұрады.

Челахтың үкімі заңды күшіне 2012 жылы енді. Ол кезде бұл іске мен де қатыстым. Жыл сайын Челах сотқа арыз түсіріп тұрады. Оның шағымдары белгіленген тәртіпте Бас прокуратура мен Жоғарғы сотта қаралды. Арызында жаңадан мәселелер көрсетіле ме деп біз қайта қараймыз. Дегенмен ол ескі ақпараттарын қайта жібереді. Оның келтірген талқылаулары дәлелденген жоқ, - деді Дастан Секенов.

Айта кетейік, ол «Арқанкергендегі қырғын» туралы іс бойынша 15 адамды өлтіргені үшін өмір бойына сотталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға