Жаңалықтар

Олжас Бектенов: Жылу беру кезеңіне дайындық аяқталды

Олжас Бектенов: Жылу беру кезеңіне дайындық аяқталды
Фото: t.me/KZgovernment 08.10.2024 11:34 341

Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылу беру маусымының басталуына байланысты мәселелер қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министр жылу беру уақтылы жүзеге асырылғанын атап өтті – ешқандай үзілістерге жол берілмеді, алдағы күндері еліміздің оңтүстік өңірлерінде де жылу беріледі.

Үлкен жұмыс атқарылды. Оны бөлінген қаржы көлемінен де, жүргізілген жұмыс ауқымынан да байқауға болады. Енді ең бастысы – жылу беру маусымын қалыпты деңгейде өткізіп, жоспарланған барлық параметрлерді сақтай білу. Коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу бөлімшелерін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету маңызды, – деп атап өтті Үкімет басшысы.

Өңірлердің әкімдеріне жылу беру маусымының барлық мәселелерін жеке бақылауда ұстау тапсырылды.

Бүгінгі таңда еліміздің бірқатар облыстарында жылу көздерінің резервтік жабдықтарында жөндеу жұмыстары жалғасуда, жоспарлы жобалар іске асырылып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға