Олжас Бектенов РФ Новгород облысының губернаторымен шекара маңы және аймақаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Новгород облысының губернаторы Андрей Никитинмен кездесті.
Өңіраралық ынтымақтастық және сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.
Новгород облысының делегациясы жұмыс сапары аясында Ұлытау облысына барып, қонақтар өңірдің өнеркәсіптік әлеуетімен танысты. Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша салынған «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне барды. Биыл Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толды.
Олжас Бектенов РФ Новгород облысының губернаторымен кездесті
Оқи отырыңыз
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді