Жаңалықтар

Олжас Бектенов Ресей елшілігінде көңіл айту кітабына жазба қалдырды

Олжас Бектенов Ресей елшілігінде көңіл айту кітабына жазба қалдырды
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі 24.03.2024 10:55 516

Олжас Бектенов Астанада Ресей Федерациясының елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов Астана қаласындағы Ресей Федерациясының елшілігіне барып, Мәскеудегі «Крокус Сити холл» ойын-сауық кешенінде жасалған лаңкестік әрекетке байланысты көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Бұған дейін Қазақстан Үкіметінің басшысы Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинге және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, қолдау білдіретіні туралы телеграмма жолдаған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға