Жаңалықтар

Олимпиада ойындарының бағдарламасына тағы бес спорт түрі қосылды

Олимпиада ойындарының бағдарламасына тағы бес спорт түрі қосылды
Фото: Global Look Press 16.10.2023 17:01 2335

ХОК-тің атқарушы комитетінің Мумбай қаласында өткен сессиясында ұйымның жаңа спорт түрлерін енгізу туралы ұсынысы қолдау тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарттық агенттігі.

Бағдарламаға ресми түрле мына спорт түрлері енді: флаг-футбол, крикет, лакросс, сквош және бейсбол/софтбол.

Олимпиадалық бағдарламаға бұған дейін крикет, лакросс және бейсбол/софтбол енген. Алғашқысы 1900 жылы Парижде қосылса, екіншісі 1904 және 1908 жылдары өткен ойындарда көпшілік назарына ұсынылды, ал үшіншісі бағдарламаға бес рет енген: 1992, 1996, 2000, 2004, 2008 және 2021 жылдары.

Флаг-футбол, крикет, лакросс, сквош пен бейсбол/софтбол 30 негізгі бағдарламаны толықтырды.

2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Лос-Анджелесте 14 шілде мен 30 шілде аралығында өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға