Жаңалықтар

«Ол кезде құдайдың бар-жоғын білмеймін». Желіде танымал болған бапкер сырымен бөлісті

«Ол кезде құдайдың бар-жоғын білмеймін». Желіде танымал болған бапкер сырымен бөлісті
Фото: Видеодан алынған кадр 03.11.2023 11:34 674

Желіде балаларға ақыл айтып танымал болған бапкер Мұхит Амантаев «Qasqa jol» youtube  каналына берген сұхбатында  құдайға деген сенімі қай уақытта артқаны туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Боксқа қатты ғашық болып, айналыса бастаған кезім еді. Шамамен он жастамын. Нағашы әжемнің қолында өстім. Әжемнен «күнде жаттығып жатырмын, тынбай еңбектеніп жүрмін, мен қалай жетістікке жетемін» деп сұрадым. Ол кезде құдай туралы ақпаратым жоқ, бар-жоғын білмеймін, дейді бапкер.

Сонда намаз оқитын әжесі Алла туралы алғашқы мәліметпен бөліседі.

Ең күшті тілегіңді беруші – құдай. Еңбектене бер, шаршама, жалықпа, Алладан сұра, сол кезде жетістікке жетесің», деді әжем. Содан бастап, жаратушыдан сұрай бастадым. Расымен алғашқы барған жарасымда бірінші орын алдым, дейді бапкер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға