Жаңалықтар

Өгей әкесімен тұратын балаларды тексеру жұмыстары қалай жүргізілуде?

Өгей әкесімен тұратын балаларды тексеру жұмыстары қалай жүргізілуде?
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 03.10.2023 15:01 2354

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев өгей әкесімен бірге тұратын кәмелетке толмаған балаларды тексеру алгоритмі белгіленгенін айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Үкімет брифингінде журналистер ведомство басшысына «өгей әкелерді педофилизмге тексеру жұмыстары басталды деп айтылған еді. Тексеріс жұмыстары қалай жүзеге асады және оның балаларға зорлық-зомбылық көрсеткенін не көрсетпегенін қалай анықтайды?» деп сұрақ қойды.

Елімізде өгей әкесімен бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалар бар. Бүгінгі таңда полиция қызметкерлеріне және кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін инспекторларға арнайы алгоритм жасадық. Кәмелетке толмаған қыздардың өздері немесе анасы арыз түсіргенде осы мәселелерді қалай қарау керек, полиция қызметкерлері бірінші кіммен сөйлесу керек, сосын қандай мәселелерге назар аудару керек, қандай сұрақтар қою керек, жасөспірімнің көңіл-күйі мен дене жарақаттары бар ма, жоқ па және басқа да сұрақтарды қалай қою керектігін нақты жеткізуге болатыны туралы алгоритм дайындадық. Бұл алгоритмді қызметкерлерге беріп үлгердік. Қазіргі таңда арыз түскен жағдайда осы алгоритмдер аясында жұмыс істейді. Ал заң жобасы дайындалуда. Заң қабылданған кезде, қосымша ақпарат береміз, - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға