Жаңалықтар

Облыстық ассамблея мүшелері Елбасы үндеуін талқылады

Облыстық ассамблея мүшелері Елбасы үндеуін талқылады
14.03.2018 04:48 1686

14 наурыз бір мезгілде Қазақстан халқы Ассамблеясы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуін талқылады.

Осы тақырыпқа арналған дөңгелек үстел барысында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдық бөлімшелерінің төрағалары мен мүшелері Елбасының көрегенділік саясатының арқасында тәуелсіздік тұғырының нық боларына сенімді екендіктерін  білдірді.                                                         

Қазақ халқының маңына топтасқан барлық этностар татулықты жоғары бағалайды.Заманауи Қазақстанның өсіп-өркендеуіне әрбір отандасымыз өз үлесін  қосып келеді. Бірлік бар жерде, тірлік бар екендігін анық аңғарған ағайын жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатындығын алға тартады. Өзін-өзі еңбекпен қамту заман талабы. Жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру неғұрлым тиімді саналады. Дөңгелек үстел басына жиналғандар Президенттің бес әлеуметтік бастамасын жан - жақты талқылап, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Елбасының бастамаларын бірлесіп жүзеге асыруға уағдаласты.                                                                                                                                           

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға