Жаңалықтар

Оқу-ағарту министрлігі 1450 бірыңғай байланыс орталығын іске қосты

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Оқу-ағарту министрлігі 1450 бірыңғай байланыс орталығын іске қосты
Фото: 24.kz 26.09.2022 10:42 1392

Оқу-ағарту министрлігі 1450 нөмірі бойынша білім беру мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

 Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді. Демалыс күндері – сенбі және жексенбі.

Өңірлік білім басқармалары Бірыңғай байланыс орталығына екінші желі арқылы қосылған. Жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жататын мәселелер оны шешу үшін бірден білім басқармаларына жіберіледі.

Бүгінгі таңда байланыс орталығына 1 200-ден астам қоңырау түсті. Көбінесе азаматтарды балабақшадан орын алу үшін кезекке қалай тұру керегі қызықтырады. Бұл мәселе бойынша түсіндірме жұмыстарын жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жүргізеді. Сондай-ақ ең өзекті тақырыптар білім туралы құжаттарды қалпына келтіру, мектептегі тамақтандыру мәселесі, балаларды бір мектептен екіншісіне ауыстыруға қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға