Жаңалықтар

Нью-Йорктің үздік полицейі Шымкентке келді

Нью-Йорктің үздік полицейі Шымкентке келді
Фото: instagram.com/dimash.niyazov 11.08.2023 13:46 2336

Қазақстанда туып-өскен америкалық полицей Димаш Ниязов Шымкент қаласында отбасымен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл суретін ол 11 тамызда Instagram-да жариялады. Онда ол әйелі Джейн, ұлы және туыстарымен бірге түскен.  

Шымкенттегі алғашқы түн. Дженн туған-туыстарыммен кездесті, бірақ бәрімен емес. Кофе ішіп, дәмді тамақ жедік. Керемет ауа райынан рахаттанып демалдық, – деп жазды Димаш.

Ниязов Түркістан облысында туған. Жасөспірім кезінде ол отбасымен бірге АҚШ-қа қоныс аударды. Ал 2017 жылы ол үздік полицей атанды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dimash⚡️Niyazov (@dimash.niyazov)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға