Жаңалықтар

Нью-Йоркте акула адамға шабуыл жасады

Нью-Йоркте акула адамға шабуыл жасады
Фото: t.me/ru2ch 09.08.2023 22:13 870

Оқиға Нью-Йорк жағажайында болған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Квинстегі Рокавей-бич жағажайында 70 жылдан бері тұңғыш рет акула адамға шабуылдады. Салдарынан 65 жастағы әйел зардап шеккен. Ол Украинадан барған турист болып шықты.

Құтқарушылардың сөзіне қарағанда, акула әйелдің аяғынан тістеген. Жедел жәрдем келгенге дейін көп жоғалтқаны айтылды. Құтқарушылар қанды тоқтату үшін арқанды пайдаланған.

Әйел ауруханаға жатқызылған, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға