Жаңалықтар

Нью-Делиде Қазақстан мен Қытайдың Қорғаныс министрлері кездесті

Нью-Делиде Қазақстан мен Қытайдың Қорғаныс министрлері кездесті
Фото: ҚР ҚМ баспасөз қызметі 28.04.2023 13:35 508

Қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қытай Халық-азаттық армиясының Қорғаныс министрі, генерал-полковник Ли Шанфумен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ведомство мәліметінше, тараптар екіжақты әскери ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылаған.

Үндістан астанасы Нью-Делиге Қазақстан Қорғаныс министрі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кезекті кеңесіне қатысуға барған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға