Нышан Өмірәлі жұбаныш жекпе-жегінде жеңіске жетті

 t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi
Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Нышан Өмірәлі жұбаныш жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Пара таеквондошы К44 +80 кг классында хорватиялық спортшы Иван Микуличті 16:5 есебімен жеңді. Енді отандасымыз қола медаль үшін күресетін болады. 

Жекпе-жек Астана уақытымен 23:20-да өтеді.

Оқи отырыңыз