Жаңалықтар

Нысана көздеуден Қазақстан чемпионатының 6-шы жарыс күні мәресіне жетті

Нысана көздеуден Қазақстан чемпионатының 6-шы жарыс күні мәресіне жетті
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті 16.02.2024 07:09 500

Шымкент қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден командалық Қазақстан чемпионатының 6-шы жарыс күні мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елдің әр өңірінен келген үздік мергендер 3 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Бұл күні Алматы мен Шымкент  спортшылары топ жарды.

Винтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеу (әйелдер):
Шымкент қаласы (30 ұпай)
Алматы қаласы (25 ұпай)
Павлодар облысы (20 балл)

Тапаншамен 10 метрден оқ ату (ерлер):
Алматы қаласы (30 балл)
Шымкент қаласы (25 балл)
Астана қаласы (20 балл)

10 метрден жылжымалы нысана көздеу (микст):
Алматы қаласы
Шымкент-1 қаласы
Шымкент-2 қаласы

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарлауынша, бұл бәсекеге Ұлттық құраманың барлық спортшысы қатысып жатыр. Бұл қатарда Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған Ислам Сатпаев, Александра Ле, Константин Малиновский, Арина Алтухова мен Никита Чирюкин де бар.

Қазір жалпы есепте Алматы қаласының командасы көш бастап тұр. Одан кейінгі сатыға Шымкент қаласы жайғасса, үздік үштікті түйіндеу үшін Павлодар облысы мен Астана қаласының мергендері таласып жатыр. Ел чемпионаты 16 ақпанда өз мәресіне жетеді.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға