Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаевты Әнұран авторлығынан алып тастау туралы бастама көтерілді

Нұрсұлтан Назарбаевты Әнұран авторлығынан алып тастау туралы бастама көтерілді
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі 14.02.2024 12:53 1603

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс кулуарында журналистер депутаттан «Әнұран авторлығынан Нұрсұлтан Назарбаевты алып тастау туралы ұсыныс енгізілуі мүмкін бе?» деп сұрады.

Бұндай өзгеріс болады деп ойлаймын. Өйткені әнұрандағы төл авторларының аты-жөні ғана болса әділеттілік осы болады деп есептеймін, - деп жауап берді мәжілісмен.

Демек сіздер ұсыныс жасайсыздар ма? деген сұраққа:

Оның барлығы өз кезегімен болады. Жалпы бұл ұсынысты мен қолдаймын, - деп атап өтті депутат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға