Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында шектеу енгізілді

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында шектеу енгізілді
Фото: El.kz 06.04.2023 12:51 802

Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда Т1 терминалынан өтуге шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы халықаралық әуежай өзінің ресми сайтында жария етті. Хабарламада Т1 терминалының шатырынан су кету салдарынан оны жою жұмыстары жүріп жатқаны жөнінде айтылған.

Құрылыс компаниясы Астана халықаралық әуежайының ғимаратында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуде. Осыған байланысты 1 сәуір мен 1 маусымы аралығында Т1 терминалының алдынан өту кезең-кезеңімен шектелетін болады, – делінген хабарламада.

Әуежай жолаушыларға келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға