Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев әнұран авторлығынан алынып тастала ма – Сенат төрағасы жауап берді

Нұрсұлтан Назарбаев әнұран авторлығынан алынып тастала ма – Сенат төрағасы жауап берді
Фото: senate.parlam.kz / nazarbayev.kz 28.12.2023 12:15 1017

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты мемлекеттік әнұран авторлығынан алып тастау туралы тілшілердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Сенат төрағасы «2024 жылы «Авторлық құқықты қорғау туралы» заң қарастырылғанда әнұран авторлығынан Нұрсұлтан Назарбаевтың атын алып тастау мүмкін бе?» деген тілшілердің сұрағына жауап берді.

Бұл мәселеге әріптесіміз бірнеше рет жауап берген. Бұл – қазір депутаттар айналысатын ең өзекті мәселе емес шығар. Реформаға қатысты көптеген мақсат бар, - деді Сенат төрағасы.

Күні кеше бұл сұраққа сұрағына Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов «Бұл дәл қазіргі кезде күн тәртібіндегі мәселе емес. Уақыт көрсетеді», - деп жауап берген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға