Нұрқожа Қайпанов пен Нилуфар Раимова Азия ойындарында қола жүлде үшін күреседі

Нұрқожа Қайпанов пен Нилуфар Раимова Азия ойындарында қола жүлде үшін күреседі
Фото: ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстандық балуандар Нұрқожа Қайпанов пен Нилуфар Раимова Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жартылай финалдық белдесулерінде жеңіліс тапты, деп жазады Еl.kz интернет порталы. 

Еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқожа Қайпанов жартылай финалда Иран өкілі Юнес Эмамичогаеиға жол берді.

Ал әйелдер күресінен 57 келіге дейінгі салмақта белдескен Нилуфар Раимова Қытай спортшысы Хун Кэсиннен жеңіліп қалды.

Осылайша, қос балуан да Азия ойындарының қола жүлдесі үшін өтетін белдесуге қатысады. Енді Нұрқожа Қайпанов пен Нилуфар Раимова жарысты жүлдемен аяқтау мүмкіндігі үшін күш сынасады. 

Сонымен бірге, 97 келіде күрескен әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан іріктеу бәсекесінде жапониялық Арай Йошидадан уақытынан бұрын жеңілді. Алайда қарсыласының финалға шыға алмауына байланысты отандасымыз жүлде үшін күресу мүмкіндігінен біржола айырылды. 

Оқи отырыңыз