Жаңалықтар

Нұрқанат Серікбаев Grand Slam жарысының финалына шықты

Нұрқанат Серікбаев Grand Slam жарысының финалына шықты
Фото: ҰОК 22.03.2024 17:12 366

Нұрқанат Серікбаев Тблисиде өтіп жатқан Grand Slam жарысының финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Дзюдодан Тбилисиде басталған «Үлкен дулыға» бәсекесінде 60 келідегі Нұрқанат Серікбаев финалға шықты.

Жартылай ғүфиналдық белдесуде жерлесіміз «Үлкен дулыға» санатындағы турнирдің 3 мәрте чемпионы Балабай Агаевтан (Әзербайжан) басым түсті.

Финалда Нұрқанат Израильдің жас спортшысы Ям Волщакпен алтынды сарапқа салады.

Бұл отандасымыздың «Үлкен дулығадағы» екінші финалы. Бұған дейін ол 2023 жылы Ташкенттегі додада күміс жүлде иеленген болатын.

Ал Ғалия Тынбаева қола жүлде үшін күреседі.

Жұбаныш белдесуінде Ғалия Мирея Комас Лапуертамен (Испания) кездеседі.

Финалдық белдесу сағат 18:00-де басталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға