Жаңалықтар

Нұрмұхамед Байғараев Президенттің Баспасөз хатшысы болды

Нұрмұхамед Байғараев Президенттің Баспасөз хатшысы болды
Фото: t.me/aqorda_resmi 06.09.2023 17:10 552

Мемлекет басшысының өкімімен Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нұрмұхамед Байғараев «Болашақ» бағдарламасы арқылы 2017 жылы Ұлыбританияның Ланкастер университетінде білім алған (MSc of Project Management).

Бірқатар баспасөз басылымдары мен электронды БАҚ-та жұмыс істеген, «Айқын» газетінің бас редакторы, «Егемен Қазақстан» басылымында бас редактордың орынбасары қызметін атқарды. Сондай-ақ баспа бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Президент грантына ие болған.

Биыл ақпан айынан бері ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары қызметін атқарды. 

Айта кетейік, бұған дейін бұл лауазымда қызмет атқарған Руслан Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға