Жаңалықтар

Нұрлан имам елордадағы Ырыскелді қажы атындағы мешітке бас имам боп тағайындалды

Нұрлан имам елордадағы Ырыскелді қажы атындағы мешітке бас имам боп тағайындалды
Фото: instagram.com/nurlanimam.kz 12.05.2023 15:15 2421

Танымал имам, дін­тану­шы, теолог, психолог Нұрлан Байжі­гіт­ұлы Астана қаласындағы Ырыскелді қажы атындағы мешітке бас имам боп тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Заманауи бағыттағы уағыздарымен көптің жүрегін жаулаған имам Нұрлан Байжігітұлы өзінің Instagram әлеуметтік желіcіндегі парақшасында жаңалығымен бөлісті.

Бісмілләһир-Раxманир-Раxим! Алланың қалауымен, елдің ақ тілегімен бүгін Астанамыздағы “Алланың гүлі” аталып кеткен Ырыскелді қажы атындағы мешітке бас имам боп тағайындалдым. Бұл мен үшін қуанышты жаңалық! Енді Астана жұртшылығымен және қала қонақтарымен осы мешітте жүздесеміз. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бірлігіміз берік, руханиятымыз тұғырлы болсын, – деп жазды Нұрлан имам.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Байжігітұлы Алматыдағы “Зәм-зәм” мешітінің бас имамы қызметін атқарған болатын.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Нұрлан ұстаз (@nurlanimam.kz)

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға