Жаңалықтар

Нұрділдә Ораз жаңа қызметке тағайындалды

Нұрділдә Ораз жаңа қызметке тағайындалды
Фото: instagram.com/batys_kz 19.07.2023 12:26 640

Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Нұрділдә Ораз тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол бұған дейін Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы қызметін атқарған еді.

Нұрділдә Серікұлы 1981 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» және ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын «Құқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы «31 арна» ЖШС «Информбюро» жаңалықтар қызметінің корреспондент-жүргізушісі болып бастаған.

Әр жылдары 2004-2009 жж. «Астана» телеарнасының репортёр-сарапшысы, «Қазақстан» ұлттық арнасының ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларының редактор жүргізушісі қызметтерін атқарған.

Оқи отырыңыз:

2009 жылы ішкі істер органындарына ауысып, Астана қаласының Ішкі істер департаментінің тіл саясаты және ақпарат бөлімінің басшысы, ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры-министрдің баспасөз хатшысы, кейіннен ресми өкілі болды.

2016 ж. ҚР Бас прокуратурасы Аппарат басшысының орынбасары, 2017 ж. «ОРТ-Еуразия» телеарнасы бас директорының орынбасары қызметін атқарды.

2019-2022 жж. ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі болды.

Қазіргі тағайындауға дейін «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Қауіпсіздік департаментінде қызмет атқарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға