Болгарияның Самоков қаласында еркін күрестен U20 әлем чемпионатында қазақстандық Айтанов Нұрданат қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Айтанов Нұрданат 57 кг салмақ дәрежесінде күрескен болатын. Ол қола медаль үшін белдесуде қырғыз балуаны Байаман Керімбековті 11:0 есебімен жеңді.
Бұған дейін аталған әлем чемпионатында еркін күрестен Едіге Қасымбек 125 келіде сынға түсіп, әлем чемпионы атанған болатын. Ол бұл сында Моңғолия, Оңтүстік Корея, АҚШ балуандарынан басым түссе, финалда парсы спортшысы Мохамед Незхадты 4:1 есебімен қапы қалдырды.
Нұрданат Айтанов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Оқи отырыңыз
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары