Жаңалықтар

Нұрбек Оралбай жеңісті серияны жалғастырды

Нұрбек Оралбай жеңісті серияны жалғастырды
Фото: Аян Кушбаев 10.03.2024 20:12 1395

Бокстан Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан әлемдік іріктеу кезеңінде 80 келіде әлем чемпионы Нұрбек Оралбай 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алексей Алферовты 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алғашқы раундта Нұрбек 2:3 есебімен жол бергенімен, екінші раундта дәл соққыларының арқасында таразы басын өзіне бұрды. Ал шешуші раундта жерлесіміз қарымта шабуылдарға иек артып, жеңісті есеп сақтап қалды.

Алдағы шешуші қарсылас — Ирландия өкілі Келвин Кассиди.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға