Жаңалықтар

Нұрбек Оралбай лицензиялық турнирді жеңіспен бастады

Нұрбек Оралбай лицензиялық турнирді жеңіспен бастады
Фото: Olympic.kz 04.03.2024 20:52 1200

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензилық турнирде Нұрбек Оралбай алғашқы айналымда жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

80 келіде өнер көрсеткен астаналық боксшы Гаити елінің өкілі Кедрик Белони-Дюльепремен шаршы алаңда кездесті. Жекпе-жек басталғаннан тізгінді қолында ұстаған Нұрбек шеберлігін дәлелдеп, еш қиындықсыз келесі айналымға өтті.

Бұған дейін 57 келіде шаршы алаңға шыққан Махмұд Сабырхан жұдырықтасқан болатын. Ол да эфиопиялық қарсыласын еш қиындықсыз жеңген болатын.

Сондай-ақ, жарыстың алғашқы күнінде Сәкен Бибосынов пен Рима Волосенко жеңіске жетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға