Нұрайдың қазасынан кейін әнші Әділет Жауғашар неге кешірім сұрады?

Нұрайдың қазасынан кейін әнші Әділет Жауғашар неге кешірім сұрады?
Фото: agugai.kz

Қоғам Нұрай Серікбайдың оқиғасынан кейін әйел құқығын қорғау, сталкер ісі туралы қызу талқылап, жазатын болды. Әсіресе, өнер жұлдыздарының іс-әрекеті мен шығармашылығын да сынға алып жүр. Сондай сын садағына ілінгеннің бірі әнші – Әділет Жауғашар. 

Threads әлеуметтік желісінде Рамазан Амантай сөзін жазған Әділет Жауғашардың орындауындағы «Сүй, иә!» әніне қатысты теріс пікір көп. Арулар да, ерлер қауымы да жаппай «сұлудың жоқ дегені жоқ» деп жазып жатыр. Әншінің әлеуметтік желідегі парақшасына «әннің сөзін өзгертіңіз, немесе орындамаңыз» деп жазғандар да бар. 

Сұлдың жоқ дегені жоқ. Осындай әншілердің әндерінен кейін Нұрай сияқты қыздар өледі. Әннің сөзін өзгерт. Ән, кітап, кино, клип, телебағдарлама, контент – мұның бәрі адамның ойын қалыптастыратын факторлар. Халық алдында жүргендер байқап сөйлеу керек. Жоқ дегенді түсінбейтін сталкерлер толып жүр, – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрім есімді Instagram қолданушысы. 

Кейінірек әнші осы сынға жауап берген сыңай танытып, «Көңілі бар қыздың «болмайды» дегені, «болады» дегені екенін білмейтін бе едіңіз? Әзілхан Нұршайықов – «Махаббат қызық мол жылдар» Әзілхан ата маған тиісіп жатыр» – деп жазды TikTok-та. Бірақ мұнымен хейт тоқтаған жоқ. 

@a.zhaugashar

менің не кінәм бар 🥲🥲🥲

♬ оригинальный звук - chingiz_diana🫶❤️

Артынша әнші оқырмандарына қайта үндеу жасап, зорлық-зомбылықты қолдамайтынын, өзі де әкесінің емес, анасының қолында өскенін айтып, халықтан кешірім сұрады.

Құрметті тыңдармандар, әлеуметтік желіде өзіме қатысты пікірлерді, мәселені көрдім, оқыдым. Сүй иә атты әнді жазар кезде Әзілхан Нұршайықов атамыздың сөзіне сүйене отырып жазып, бірақ сол атамыз өмір сүрген қоғам мен біз өмір сүріп жатқан қоғам екі түрлі екенін аңғармаппыз. Көптің көңіліне тиіп кететінін ойлаған жоқпыз. Бірақ зорлық-зомбылық, тирания, бәріне қарсы адамдардың бірімін. Содан кейін шығар әкеммен емес, анамның қолында өстім. Бұл ән көңілдеріңізден шықпай, ұнамай жатса, бұл әнді екінші рет орындамаймын деп шештім, – деді әнші Әділет Жауғашар. 

@a.zhaugashar

✅✅✅✅✅🥝🤝

♬ оригинальный звук - Әділет Жауғашар🇰🇿

«Нұрай Серікбайдың оқиғасы» қалай басталды?

24 шілде күні Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында 21 жастағы Нұрай Серікбайды өлтіру ісі бойынша сот процесі басталды. Айыптау актісіне сәйкес, айыпталушы Нұраймен 2025 жылдың жазында танысады. Сол жылдың қыркүйегінде оған сезімін білдіріп, отбасын құруды ұсынады. Алайда бойжеткен тұрмыс құруға әлі ерте екенін айтып, ұсыныстан бас тартады.

Прокурордың айтуынша, 2025 жылдың қазан айында айыпталушы Шымкенттен Алматыға келіп, Нұрайдың жалдамалы пәтеріне барады. Алдау арқылы оны көлікке отырғызып, қаладан алып кетеді. Алматыдан шығып кеткенін түсінген Нұрай қарсылық білдірген кезде айыпталушы: «Қарсылық көрсетсең, екеуміз де жол апатына ұшыраймыз» деп қорқытады.

Кейін қызды Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Қасымбек датқа ауылындағы өз үйіне алып барады. Сол күні кешке туыстары болашақ келінді қарсы алуға дайындалып, Нұрайдың басына орамал жауып, шымылдыққа отырғызады. 

фото: Нұрай Серікбайдың жеке архиві
фото: Нұрай Серікбайдың жеке архиві

Артынша Нұрайдың ағалары Сұлтан мен Бауыржан қарындасын алып қашқанын біліп, айыпталушының үйіне барады. Қыз олардан өзін алып кетуді сұрайды. Сұлтан Серікбай бірнеше рет 102 нөміріне хабарласып, полициядан көмек сұрайды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, Нұрай мен күдіктіні Қаратау аудандық полиция басқармасына жеткізеді. Тергеу бұл оқиғаны некеге тұруға мәжбүрлеу бабы бойынша қарайды.

Сөйтіп, Ш.А. есімді айыпталушы Нұрайды аңдып, тоқтаусыз хабарласады. Сталкинг бірнеше айға созылады. 2026 жылы 11 қаңтар күні кешке ол Нұрайдың Шымкенттегі үйінің маңына келіп, Нұраймен сөйлеспек болады. Нұрай сөйлесуден бас тарыпа, кетіп қалады. Ш.А. көпқабатты үйлердің арасымен кетіп бара жатқан қызға алдымен 5-6 рет пышақ сұғады. Жараланған Нұрай қашуға тырысқанымен, бірнеше метрден кейін құлап қалады. Айыптау актісіне сәйкес, айыпталушы оған қайта жақындап, 35 рет пышақтайды. Салдарынан Нұрай оқиға орнында көз жұмады. 

Оқи отырыңыз