Жаңалықтар

Нүктесі қойылды. Шаһизада төртінші күйеуінің алғашқы әйелімен кездесті

Нүктесі қойылды. Шаһизада төртінші күйеуінің алғашқы әйелімен кездесті
Фото: Видеодан кадр 19.05.2023 14:30 19067

Отандық әнші Шаһизада өзінен 18 жас кіші күйеуіне қатысты шындықты ашып айтты, деп хабарлайды 

Ол  “Астарлы ақиқат” бағдарламасының студиясында әнші Ерболат Ержанбаевпен және оның келіншегі Мерекемен құшақтасып амандасты. Сосын жағдайды түсіндіріп берді.

. Еш уақытта біреудің отбасын бұзған емеспін. Бұл Жеңіс Ысқақованың идеясымен басталған хайп болатын. Ол да бір шоу жасағысы келді. Бауырына көмектескісі келді. Сахнаға алып шықтым. Дуэт жазып жатырмыз, тойға алып барып жатырмын. Менен қандай кінә бар? Қанша өнер адамдары "Жарайсыңдар. Өте керемет хайп жасапсыздар" деп телефон шалды. Бәрі қолдады. Оған не дейсіз? Құшақтағанда бауырым ретінде құшақтасып, жақсы көріп, сағынысып құшақтастық. Не деген ойларың арам еді?, -дейді Шаһизада.

 Ол өнердегі әріптесімен хайп жасап, көпшілікті алдағанына мүлдем өкінбейді. Әнші болған жағдайдан кейін халықтың өзі туралы қандай ойда екенінен хабардар.

Ал  Ерболат Ержанбаев "ешкімнің көзі шығып, басы жарылып жатқан жоқ. Елдің алдында жүргендіктен, бүгін осыған нүкте қояйын деп келдім" деп айтты. Әншінің жұбайы Мереке білім саласында еңбек етеді. Ағылшын пәнінің мұғалімі екен

 Желіні шулатқан оқиғаны жолдасымның өзінен білдім. "Сен жақсы түсін, түсінбей қалма" деп алдын ала өзі айтты. Алланың берген үш ұлын тәрбиелеп отырмыз.Үлкеніміз биыл мүшел жасқа кіреді. Екіншісі 12 жаста, кішісі 7 жаста. Бір аптадан кейін ұлым әлеуметтік желіге тараған хайп суретті әкеліп, "Мынау біздің әкеміз бе" деп сұрапты. Балалардың жүрегі басқаша болады. "Сенің әкең бе" деп сұраған ғой баламнан. Сол кезде қатты ренжігенім бар. Әкесі күнде үйде болғаннан кейін, балалар қатты қабылдамады. Үлкен ұлдың не болса да, ішінде болды. Арасында "Анашым, сенде бәрі дұрыс па" деп сұрап қояды, - деп жан сырын ақтарды әншінің жұбайы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға