Қаздиромет орталығы 6-8 маусымға арналған ауа райы мәліметін жариялады. Алда күн құбылып, еліміздің біраз бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді.
Батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз әсерін сақтайды. Соған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейіп, екпінді және дауылды сипат алуы, сондай-ақ бұршақ түсуі күтіледі, – деді Қазгидромет орталығы.
Нөсер жауын жауады:
- 6–8 маусым күндері – елдің батысында;
- 6 маусымда – қиыр солтүстікте және оңтүстік-шығыста;
- 8 маусымда – солтүстік-батыста болжанады.
Кезеңнің басында елдің шығысы мен орталығында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.
Күндіз ауа температурасы:
- батыста +20…+30°С-қа дейін төмендейді;
- солтүстікте +28…+35°С-қа дейін жоғарылайды;
- орталықта +30…+38°С қатты ыстық күтіледі;
- оңтүстікте +35…+40°С қатты ыстық болады;
- оңтүстік-шығыста +30…+39°С қатты ыстық сақталады;
- шығыста ауа температурасының негізгі фоны +30…+37°С аралығындағы қатты ыстық болады.