Жаңалықтар

Норвегияда қазақстандық студенттердің қауымдастығы құрылады

Норвегияда қазақстандық студенттердің қауымдастығы құрылады
Фото: gov.kz 17.03.2023 16:41 616

Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Әділ Тұрсынов Норвегия университеттерінде білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі СІМ-ге сілтеме жасап.

Кездесу барысында Елшіліктің студенттермен өзара іс-қимылы, сондай-ақ Қазақстан-Норвегия ынтымақтастығы талқыланды.

Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан саяси реформалардың маңызы мен 19 наурызда өтетін Мәжіліс сайлауы туралы айтты. Ол қазақстандық студенттерді дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды.

Жиын нәтижесінде қазақ мәдениетін бірлесіп насихаттау, жаңадан келген студенттерге қолдау көрсету, бірлескен жобаларды талқылау мақсатында Норвегиядағы қазақстандық студенттердің қауымдастығын құру туралы шешім қабылданды.

Норвегиядағы университеттердің отандас студенттері жаңа ұйымға қатысуға шақырылады. Қауымдастықтың ұйымдастыру мәселелері алдағы уақытта қаралатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға