2 «Nomad Food» халықаралық гастрономиялық фестивалі - el.kz

Жаңалықтар

«Nomad Food» халықаралық гастрономиялық фестивалі

«Nomad Food» Бірінші Халықаралық Гастрономиялық Фестивалі WORLDCHEFS Бүкіләлемдік аспазшылар қауымдастығының қамқорлығымен   Щучье-Бурабай курорттық аймағында өткізіліп, кәсіби аспазшылар мен гурмандарды бір дастархан басына жинады. 
«Nomad Food» халықаралық гастрономиялық фестивалі
24.09.2018 03:54 2110

 «Nomad Food» Бірінші Халықаралық Гастрономиялық Фестивалі WORLDCHEFS Бүкіләлемдік аспазшылар қауымдастығының қамқорлығымен   Щучье-Бурабай курорттық аймағында өткізіліп, кәсіби аспазшылар мен гурмандарды бір дастархан басына жинады.

 Фестивалдің ашылу салтанатына Ақмола облысының әкімі М. Мырзалин қатысты.

Ауқымы кең іс-шараға Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Украина, Түркия, Сербия, Өзбекстан, Молдова, Грузия елдерінің топтары қатысты.

Іс-шара «Чуваш этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Ұлттық аспаздар қауымдастығының» ұйымдастыруымен және  Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының, «Қоғамдық келісім» КММ, Ақмола облысының туризм басқармасының қолдауымен өткізілді.

Шараның басты мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, Ақмола облысындағы этностардың ұлттық асханасына қоғам назарын аударту, облыс аумағында бұқаралық туризмді, тамақтану индустриясын және қонақжайлықты дамыту.

Фестивалге келген қонақтар мен қатысушылар үшін өте қызықты және ауқымды бағдарлама ұсынылды. Оның ішінде «Organic Food» мамандандырылған көрмесі, Ақмола облысы этностары ұлттық асханаларының көрмесі, Орта кәсіптік білім беру мекемелерінің көрмесі, «Көкше палитрасы» атты халықтық және сәндік-қолданбалы өнер туындыларының көрмесі, қазақстандық аспазшылар қауымдастығы және Өзбекстан аспазшылары қауымдастығының шеберлеріның қатысуымен «Достық палауы» қайырымдылық акциясы болды.    

Сонымен қатар фестиваль қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлаған түрлі байқаулар өткізілген сауықтыру бағдарламасы, би кеші орын алды.

«Ұлттық аспазшылар қауымдастығы», «Чуваш этномәдени орталығы» ҚБ төрайымы Елена Мащинская ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ басшысы Александр Тараковтың қолынан ҚХА төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенконың атынан алғыс хат иеленді.

«Nomad Food» фестиваліне «Қазақ-түрік мәдениеті мен достығын дамыту орталығы» ҚБ, «Ақмола облыстық «Видергебурт» неміс қауымы» ҚБ,  «Ақмола облысының поляктар бірлестігі» ҚБ, «Бари» армян мәдени орталығы» ҚБ, «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ, «Ақмола облысы «Вайнах» шешен-инғұш қауымы» ҚБ, «Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ, «Әзірбайжандар қауымдастығы» республикалық ҚБ Ақмола облыстық филиалы бірлестіктерінің басшылары және өкілдері белсенді қатысты.

Ерекше мерекелік фестиваль қатысушылар мен жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау рәсімімен аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға