Жаңалықтар

Нигериялық жігітке тұрмысқа шыққан атыраулық келіншек көмек сұрады

Нигериялық жігітке тұрмысқа шыққан атыраулық келіншек көмек сұрады
Фото: Видеодан кадр 13.09.2023 17:18 9267

Нигериялық жігітке тұрмысқа шыққан атыраулық Заида Онуора әлеуметтік желіде пікір жазған хейтерлерден қорқып отыр. Олар баласын өлтіретінін айтып, пікір жазған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Заида жағымсыз пікірлерді жинап, желідегі парақшасына сақтап қойған. Заиданың сөзінше, мұндай қадамға бекерден-бекер бармаған. Өйткені былтыр да осындай жағдай болыпты.

Былтыр маусымда Атырау қаласының прокуратурасына жала жабу және кибербуллинг (әлеуметтік желіде балағаттау/қорлау) дерегі бойынша арыз жаздым. Менің өтінішім Нұрсая шағынауданының учаскелік полициясына жіберілді. Учаскелік полицейлер үйіме келіп, шағымым жоқ екені туралы түсініктеме алғысы келді. Бірақ оларға шағымым бар екенін және олай жазбайтынымды айттым. Бүгінде менің былтырғы арызым бойынша жауап жоқ, - дейді ол.

Блогер бұл жолы хейтерлер өзінен бөлек, бір жасар баласына балағат сөздер жазып жатқанын айтады.

Тағы да хейттің астында қалдым, бірақ бұл жолы менің бір жасар балама қатысты болып отыр. Оны өлтіріп, құдыққа батырамыз деп қорқытып жатыр. Бүгін таңертең Атырау қаласының прокуратурасына тағы да арыз жаздым. Хейтерлердің суреттері мен парақшалары бар пікірлерді сақтап қойдым. 35 адам. Бұл - маған жазылған хейттің тек 2 пайызы. Былтыр жазба жариялап, шу мен қоғамдық резонанс тудырғым келмеді. Бірақ, түсінуімше, шу шығармасаң, арыздар сөрелерде жата береді немесе корпоративтерде тортқа арналған ыдыс ретінде қолданылады, - дейді ол.

Атыраулық әйел оқырмандарынан көмек сұрап, құқық қорғау органдарын назар аударуға шақырған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға