Жаңалықтар

Нигерияда паром апатынан 37 адам қаза тапты

18.05.2025 22:50 378
Нигерияда паром апатынан 37 адам қаза тапты

Нигерияның оңтүстік-батысындағы Нигер өзенінде паром апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 37 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Cable басылымының жазуынша, қайғылы оқиғаға кеменің шамадан тыс жүктелуі себеп болған.

Паром апаты 15 мамырда болды. Саудагерлер Гбаджигбо қаласындағы базарды жауып, Нигер штатындағы өз қауымдастықтарына қайтып бара жатқанда, су көлігі аударылған, – делінген хабарламада.

Апат болған жерде құтқару және іздестіру жұмыстары жалғасуда. Әзірге билік өкілдері оқиға кезінде бортта қанша адамның болғанын нақтылаған жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға