Жаңалықтар

Нидерландықтармен ағылшынша тілдескен әже көпшілікті таңғалдырды

Нидерландықтармен ағылшынша тілдескен  әже көпшілікті таңғалдырды
Фото: Видеодан кадр 15.04.2024 13:40 1379

Әлеуметтік желіде нидерландықтармен ағылшынша тілдескен қырғыз әже көпшілікті сүйсінтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық киім киген әже шетелдік екі азаматқа барып, ағылшынша сұрақ қоя бастайды. "Қай жерден келдіңдер?, "Студентсіңдер ме?", "Осында тұрасыңдар ма?", "Мұнда келгендеріңе қанша уақыт болды", деген сұрақтардың бәрін ағылшын тілінде сұрайды. Ал шетелдіктер Нидерландыда тұратынын және Қырғызстандағы достарына қонаққа келгенін айтады.

Апа, біздің қырғыздардың абыройын көтеріп қойдыңыз ғой, - дейді бейнежазба авторы.

Ал әже өзінің 25 жыл бойы ағылшын тілінен сабақ бергенін атап өтті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Бекарыс Қошқарбай (@dauletten)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға