Жаңалықтар

Неймар Сауд Арабиясында қанша табыс табатыны анықталды

Неймар Сауд Арабиясында қанша табыс табатыны анықталды
Фото: instagram.com/neymarjr 15.08.2023 09:02 774

«Пари Сен-Жерменнің» бразилиялық шабуылшысы Неймар мансабын Сауд Арабиясында жалғастырады, ол «Әл-Хиляльмен» келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

L'Equipe мәліметінше, Неймар араб клубымен «2+1» жүйесі бойынша келісімшарт жасасқан – келісім тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен екі жылға есептелген.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Неймар «Әл-Хиляльда» бір маусымда 100 миллион еуро табатыны туралы ақпарат болған.

Естеріңізге сала кетейік, 31 жастағы Неймардың ПСЖ-мен қазіргі келісімшарты 2025 жылдың маусымына дейін жарымды. Өткен маусымда шабуылшы 29 матч өткізіп, 18 гол соғып, 17 нәтижелі пас берген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға