Жаңалықтар

Қазақстандықтар тағы бір мемлекетке визасыз бара алады

Бұл туралы Үкіметтің тиісті қаулысы Ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтында жарияланды
Қазақстандықтар тағы бір мемлекетке визасыз бара алады
Фото: inform.kz 06.08.2022 21:26 3350

Қазақстандықтар енді Албания мемлекетіне 90 күнге визасыз бара алады. Бұл туралы Үкіметтің тиісті қаулысы Ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтында жарияланды, – деп хабарлайды El.kz.

«Жарамды жол жүру құжаттары бар ҚР азаматынан Албания Республикасына 90 күннен аспайтын уақытқа бір немесе бірнеше рет барғанда, транзитпен өткенде және уақытша болған кезде олардан визалық талаптар сұралмайды. Албания Республикасының аумағында болған кезде өзінің құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматы сол елдегі Қазақстан елшілігіне немесе консулдық бөлімшелеріне барып, өкілдіктер ұсынған уақытша құжат арқылы Албания аумағынан тыс жерлерге шыға алады», - делінген қаулыда.

Қазақстан Республикасының азаматында болуы тиіс жол жүру құжаттары:

- дипломатиялық паспорт;

- қызметтік куәлік;

- Қазақстан Республикасының азаматы екенін растайтын куәлік;

- Қазақстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлік.

Құжатқа сәйкес, төтенше жағдай немесе өзге де оқыс оқиғаға тап болып, Албания территориясынан кету мүмкіндігі болмаған қазақстандықтар сол елдің құзыретті органдарына өтініш беріп, тұру мерзімін ұзарта алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға