Жаңалықтар

Ежелгі дәстүр жаңғырды

Ежелгі дәстүр жаңғырды
Фото: © El.kz 15.03.2021 11:24 2534

Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағына да тақадық. Халқымыз көктемнің бұл кезегінде өткенге шүкір десіп, ертеңге үміт артқан. Береке - бірлік, ынтымаққа бастайтын мерекенің ырымы ретінде Көрісу күнін ұйымдастырған. Өткен жылдан аман-есен шыққанының белгісі ретінде ағайын-туыс, дос-жаран бас қосып, соғымнан қалған сүрін асып, ағын қосып, асыр салып, той жасаған. Ежелден келе жатқан осы дәстүрдің бір көрінісі елордадағы «QAZAQ GOURMET» мейрамханасында өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған салтанатты шарада қонақтарға қазақтың ұмыт болған көне жеті түрлі тағамы ұсынылды. Наурыз көже, орама «Көктем», түйе сүтінен жасалған бал-қаймақ, көкөністен жасалған арнайы салат бар. Бас аспазшы Артем Канцев батыс өңірде кең таралған тағамдарды жинақтағанын айтты. Осы шараны ұйымдастыруға мұрындық болған жазушы Камал Әлпейісова ата салтты жаңғырту, жастарға таныту мақсат болғанын жеткізді. Үлкен той дәстүрлі етсіз өтпеді. Меймандар арнайы әдіспен сүрленген еттен дәм татты. Қазақтың тойы ән-күйсіз өтпес. Игі шараға жиналғандар ұлттық өнерден де сусындап отырды.

Ежелгі дәстүр жаңғырды

Ежелгі дәстүр жаңғырды

Ежелгі дәстүр жаңғырды

Ежелгі дәстүр жаңғырды

Ежелгі дәстүр жаңғырды

Ежелгі дәстүр жаңғырды

Ежелгі дәстүр жаңғырды

Ежелгі дәстүр жаңғырды

Ежелгі дәстүр жаңғырды

Ежелгі дәстүр жаңғырды

Ежелгі дәстүр жаңғырды

Ежелгі дәстүр жаңғырды


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға