Жаңалықтар

Еліміздің жарқын болашағы үшін аянып қалмауға тырысамыз - Талғат Қалиев

Еліміздің жарқын болашағы үшін аянып қалмауға тырысамыз - Талғат Қалиев
16.06.2022 18:19 1646

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтай отырысына қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды El.kz.

– Ұлттық құрылтай өте жақсы бастама. Керемет өтті деп ойлаймын, өйткені мәселелер жағынан емес, Қазақстанның болашақ бағыты жағынан әңгімелер қозғалды.   Елдің құндылықтары жөнінде және қазақстандықтарды қалай еңбекке тарту туралы сөз тарқатты. Отандық спорт пен халықтың денсаулығына қатысты маңызды факторларды естен шығармады. Сонымен қатар, бүгінгі Ұлттық құрылтайда ұлтаралық жағынан, этносаралық жағынан ауқымды тақырыптарды көтерді. Көтерілген тақырыптар бойынша Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтайдың төрағасы ретінде барлығын назарда ұстайтынын атап өтті. Біз еліміздің жарқын болашақ бағыты үшін қолдан келгенше аянып қалмауға тырысамыз, - деді Талғат Қалиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға