Жаңалықтар

Ел болашағы бүгіннен басталады – профессор

Ел болашағы бүгіннен басталады – профессор
16.06.2022 18:08 1676

Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың маңыздылығы мен алдағы жоспарлары жайлы құрылтай мүшелерінен сұрап білдік деп хабарлайды El.kz.

Биологиялық ғылымдарының докторы, профессор Күнсұлу Закарьяның айтуынша Жаңа Қазақстанның болашағы жарқын, бағыты айқын. Қазақ елінің атын асқақтатар білімді, саналы ұрпақ шығатынына сенімім мол дейді.

–  Құрылтайдың мүшесі ретінде үлкен жауапкершілік арқаладым. Ұлттық Құрылтайда елді толғандыратын ой-пікірлер айтылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адал еңбекпен жұмыс жасау, жастарды еңбекке баулу туралы айтқан пікірі көңілімізді марқайтты. Шынымен де, еңбекке құштар ұрпақ қана туған Отанын алпауыт елдердің қатарына қоса алады, – деді Күнсұлу Закарья.

 

 

 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға