Жаңалықтар

Непалда ұшақ апатынан 40 адам қаза тапты

Ұшақ апатының себептері анықталуда
Непалда ұшақ апатынан 40 адам қаза тапты
Фото: aa.com.tr 15.01.2023 16:55 819

Непалдың Покхара қаласында Yeti Airlines ұшағы апатқа ұшырап, 40 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Анадолы агенттігі мәлімдеді.

Ақпарат көзінің мәліметінше, бортта 68 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болған.  Әуе кемесі Непалдағы Похара халықаралық әуежайының жанында апатқа ұшыраған.

Непалдың азаматтық авиация ұйымының айтуынша, ұшақта 5 Үнді, 4 Ресей және 2 Оңтүстік Корея, сондай-ақ Ирландия, Австралия, Аргентина және Франция азаматтары болған.

Апат болған жерге құтқарушылар жіберілген. Ұшақ апатының себептері анықталуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға