Жаңалықтар

Непалда су тасқынынан жиырмаға жуық адам жоғалып кетті

Непалда су тасқынынан жиырмаға жуық адам жоғалып кетті
Фото: ©AP/Laxmi Prasad NGAKHUSI 19.06.2023 03:25 578

Непалда су тасқынынан бір адам қаза тауып, 17 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су тасқыны елдің шығысындағы Санкхувасабха аймағында нөсер жауын салдарынан орын алған.

«Синьхуа» агенттігінің мәліметінше, бұл туралы жексенбі күні жергілікті полиция мәлім еткен.

Жергілікті полиция өкілі Бирендра Годар сенбі күні кешке толассыз жауған жаңбыр салдарынан Хева Кхола өзені арнасынан асып, тағы үш адам зардап шеккенін жеткізді.

Оның айтуынша, 18 адам су тасқыны кезінде жаңадан салынып жатқан Хева Кхола су электр станциясында жұмыс істеген.

Су тасқыны бірнеше үйді, екі көпірді және бірнеше малды алып кеткенін айтқан полиция өкілі жексенбі күні таңертеңге дейін тасқын судың беті қайтпай, құтқару жұмыстарын қиындатқанын жеткізді

Маусым айының ортасында Непалда су тасқыны мен көшкіндердің салдарынан адам өліміне және мүліктің жойылуына әкелетін муссондық маусым басталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға